Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және
арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы
келісім
(Доха қ., 2015 жылғы 26 қазанда)
Осы редакция 2022 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 194 Қаулысымен бекітілді
2016 жылғы 2 қыркүйекте күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі
өз мемлекеттерінің достық қатынастарды нығайтуға деген ұмтылысын назарға ала отырып,
Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қатар Мемлекеті азаматтарының - дипломатиялық және арнайы паспорттар иелерінің екі Тарап мемлекетінің аумағына өзара сапарларына ықпал етуге тілек білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім іске асырылған жағдайларда бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуі үшін жарамды құжаттар мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
дипломатиялық паспорт;
Қатар Мемлекетінің азаматтары үшін:
дипломатиялық паспорт;
арнайы паспорт.
1. Тараптар мемлекеттерінің азаматтары - осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жарамды паспорттардың иелері, екінші Тарап мемлекетінің аумағына мемлекеттік шекара арқылы өту пункттері арқылы визасыз келе алады, одан кете алады және транзитпен өте алады.
2. Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының азаматтары - жарамды дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына алғаш келген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде осы мемлекеттің аумағында бола алады.
Осы Келісім дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің қызметкерлерін, сондай-ақ екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың өкілдерін және жарамды дипломатиялық және арнайы паспорттары бар олардың отбасы мүшелерін қабылдаушы мемлекетте аккредиттеу үшін виза алу қажеттілігінен босатпайды.